Мұғалімдердің жалақысы 2020 жылы қаншаға көбейетіні белгілі болды

2 Қыркүйек 2019, 12:05
4229
Бөлісу:
Мұғалімдердің жалақысы 2020 жылы қаншаға көбейетіні белгілі болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 25% артады.  Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.

«Мен тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын төрт жылда екі есе көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артады деген сөз», - деді президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы тамыз конференциясында үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырған болатын.

«Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65%-ын ғана құрайды. Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын», - деген болатын.

Өзгелердің жаңалығы