Жақын арада азық-түлік тапшылығын сезінеміз – Назарбаев

21 Мамыр 2021, 16:55
6597
Бөлісу:
Жақын арада азық-түлік тапшылығын сезінеміз – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЕАЭО-ның Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тапшылығы туралы айтып, мәселені шешу үшін одақты күш біріктіруге шақырды.

Осы кезеңде, менің ойымша, келесі бағыттарға ерекше назар аудару керек. Біріншісі – әлеуметтік инфрақұрылым. Жақын жылдарда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың нарығын толық құру қажет. Екіншісі – азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік саясат, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің айтуынша, азық-түлік тапшылығының кез келген мүмкіндігін болдырмау және бүкіл кеңістікте бизнесті дамыту үшін жағдай жасау маңызды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жылдары банктерде қалыптасқан 10 триллиондық инфляция жалпы инфляция туындататыны анық. Бұл пандемияға дейін әлем ЖІӨ-нің 12 пайызы. Сондықтан біз мұның бәрін ескеруіміз керек. Біздің одақта өз аумағымыздағы елдердің тұрғындарын қамтамасыз ету үшін бәрі бар. Тек дұрыс жоспарлап, дұрыс кооперация жасап, дұрыс байланыс орнату арқылы өз аумағымызда бар дүниемен өзге елдерді қамтамасыз етуіміз керек. Жуықта азық-түлік тапшылығын міндетті түрде сезінеміз. Сыртқы байланыстар маңызды. Бұған дейінгі отырыстарда айтқанымыздай, Еуропа мен Азия нарықтарының сауда көпірі жобасын іске асырып, бұл іске Шанхай ынтымақтастық ұйымын да кірістіруіміз керек, - деді Елбасы.

Бұған дейін Елбасы отырыс барысында Еуразиялық одақты қолдамайтын күштер бар екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы