- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Қар аралас жаңбыр: Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қар аралас жаңбыр: Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.
8 Қараша 2026, 22:21
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 9 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда 9 қарашада жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 9 қарашада жаңбыржауып, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 9 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында қатты жаңбыр жауып, облыстың шығысында, орталығында тұман түсіп деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде аздап қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 9 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 9 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) түседі, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 9 қарашада түнде кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 9 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түнде және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 9 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болатыны да болжанады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оралда 9 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 9 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, облыстың батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 қарашада таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 9 қарашада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп деп күтіледі. Павлодарда 9 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 9 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 9 қарашада оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-23 м/с қамтиды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ең оқылған:
- «Бір үйдің мекенжайын 17 адам пайдаланған»: Саясаттанушы әлеуметтік көмек жүйесіндегі олқылықтарды атады
- Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастық жөнінде 14 құжатқа қол қойды
- Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалының көлемі 7 млн тоннаға жетті
- Эмомали Рахмон Қазақстанның экономикалық даму саласындағы елеулі жетістіктерін атап өтті
- АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат үшін 20 млн доллар сыйақы жариялады