Еуразиялық одақты қолдамайтын күштер бар – Назарбаев

21 Мамыр 2021, 16:07
4781
Бөлісу:
Еуразиялық одақты қолдамайтын күштер бар – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз алып, одақ төңірегінде әңгіме қозғады.

Құрметті Жоғары кеңес мүшелері, отырысқа қатысушылар. Мен қысқаша ғана сөйлеймін. Өздеріңізді, тіпті, бейнеконференциямен болса да көргеніме қуаныштымын. Өздеріңізбен көптен бері жүздеспегендіктен, сағыну сәттері де бар, - деді Назарбаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында.

Ол биылғы жылдың 29 мамырында Қазақстан елордасына қол қойылған ЕАЭО туралы шарттың жасалғанына жеті жыл толатынын еске салды.

Бүгінде ЕАЭО біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әлемдік архитектураға жүйелі түрде еніп кетті деп айтуға болады. Пандемия мен коронавирус жағдайындағы экономикалық дағдарыс біздің интеграциялық бірлестік үшін күш сынағына айналды.Біз жаһандық сипаттағы әрі сыртқы спецификалық қысымдармен байланысты қиындықтардан өттік. Біздің одақтың жекелеген қатысушылары сол сынақтардың нысанына айналған кездер болды. Біздің интеграцияның тығыз іске асуын қаламайтын күштер бар.Біз жаһандық сипаттағы әрі сыртқы спецификалық қысымдармен байланысты қиындықтардан өттік. Біздің одақтың жекелеген қатысушылары сол сынақтардың нысанына айналған кездер болды. Біздің интеграцияның тығыз іске асуын қаламайтын күштер бар., - дейді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін онлайн-форматта – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы