Жахан Отарғалиевпен ажырасқан әнші Балжан Бидаш "қайта қосыл" дейтіндерге жауап берді

14 Қаңтар 2024, 09:17
20404
Бөлісу:
Жахан Отарғалиевпен ажырасқан әнші Балжан Бидаш "қайта қосыл" дейтіндерге жауап берді
Фото: instagram.com/zhakhan_balzhan

Актер Жахан Отарғалиев пен KeshYou экс-солисі Балжан Бидаш былтыр ажырасып кеткен еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алайда жұлдызды жұптың оқырмандары олардың қайта қосылатынынан әлі де дәмелі. Олардың ажырасқандарына біршама уақыт өтсе де, әншінің әлеуметтік желідегі әр жазбасының астында "қайта қосыл, кешіре сал" сынды жазбаларды көзің шалады. 

Бұл ретте Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, өткен өміріне өкінбейтінін айтты.

Өткенге өкінбеймін. Жаратушымыздың заңы бойынша кемелдену үшін көру көректі көреміз. Өмірді ұғыну үшін әр түрлі жолдарды кешіп, таңдау жасаймыз. Ол сынақтардан сен оған немесе ол саған бірдеме бергенін ұғыну да соңында маңызды, - деді ол.

Жахан Отарғалиевпен ажырасқан әнші Балжан Бидаш "қайта қосыл" дейтіндерге жауап берді

Сонымен қатар ол ешкімге реніші жоқ екенін атап өтті. Сөзінше, адамдарға, өмірге ренішің бітпесе, проблемаң да бітпейді.

Ешкімге ренішім жоқ. Жолым ашық болу үшін ашу, ыза, реніш, агрессия бәрін мидан алып тастауға тырысып жатырмын. Адамдарға, өмірге ренішің бітпесе, проблемаң да бітпейді, - дейді Бидаш.

Жахан Отарғалиевпен ажырасқан әнші Балжан Бидаш "қайта қосыл" дейтіндерге жауап берді

Ол өзіне ақыл айтатындардың тым артық кететінін жасырмады. Балжан айтып өткендей, мәселенің ақ-қарасын екі адамның өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан өздері шешкен дұрыс.

Алдыма түсіп, үйт-бүйт деп жатқан ақылшылар болып жатыр. Прям бізбен бірге тұрып, от-күлін шығарысқандай жазатындар болып жатады. Ондай адамдар жақындарына қауіпті деп ойлаймын. Бұндай ситуацияны екі адамның өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан өздері шешкен дұрыс. Мен сияқты периодта жүрген оқырман қыздарым да бар екен. Қосыл-қосылма деп үшінші адам айтуға құқығы жоқ. Бақытты отбасы болғанға не жетсін. Әйел адамы сондай ақылды ғой негізі. Ең бастысы өзіңізді тастамаңыз. Өзіңізді құрметтеңіз. Өзіңізді ренжітуге жол бермеңіз. Бұл күндер жақында өтіп кетеді, - деді әнші.

Жахан Отарғалиевпен ажырасқан әнші Балжан Бидаш "қайта қосыл" дейтіндерге жауап берді

Сонымен қатар ол өзіне қолдау көрсетіп жүрген оқырмандарына алғысын білдірді.

Уайымдап, жазып, қолдау беріп жататын оқырмандарыма мың алғыс! Сіздер барда жалғыздықты сезінбеймін, - деп түйіндеді Балжан.

Әншіге қолдау білдірген оқырмандарының басым бөлігі оларды "қайта қосылса екен" деп тілейтіндерін айтты.

Ақылды, тәрбиелі, саналы қызсыңғой! Жаханға қайта қосыл қызым! Бірінші бағың бақ,екінші бағың бейбақ дейді қазақ! Ер адамнан кеткен қате жөнделер, бастысы, алқаш, наркаман емесқой, барлық нәрсе уақытымен болады! Апалық ақылым, әйел адам, барлығын сабырмен, ақылмен жеңген! Қосылса екен деп тілеймін!, - деп жазды Нұрсәнім Бейсенова есімді тыңдарманы.

Сонымен қатар Жахан Балжанның өнері мен қабілетін жарқырата алмағанын, ештеңеге рұқсат бермей, басып тастағанын айтқандар да болды.

Жахан негізі жақсы жігіт. Бірақ сіздің өнеріңізді, қабілетіңізді жарқырата алмады. Еркектердің басты қатесі сол. Әйел бір қадам кері болсын деп, ештеңеге рұқсат бермей, басып тастайды. Ал әйел деген өзінше тұлға ғой. Айырылысқаннан кейін кез келген әйел жұлдыздай жарқырайды, еркіндігіне қол жетіп. Балжанда да соны байқадық. Жахан жігіт қателігін түсініп, қосылайық десе қосылыңыз Балжан. Елдің тілеуі, көптің сұрағаны осы, - деп жазды оқырмандардың бірі.

Айта кетейік, жұлдызды жұп 2020 жылдың желтоқсанында шаңырақ көтерген еді. Көпшілік олардың бір-біріне деген ерекше қарым-қатынасына тәнті болды. Өкінішке қарай былтыр Жахан мен Балжан ажырасқандарын жария етті.

Өзгелердің жаңалығы