Жақыныңа жанашыр бол: Волонтерлер санитарлық ережелерді сақтауға шақырды

18 Шілде 2020, 18:08
4107
Бөлісу:
Жақыныңа жанашыр бол: Волонтерлер санитарлық ережелерді сақтауға шақырды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Аймақ волонтерлері ел халқын санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыру мақсатында бірқатар шараны қолға алды.

Бүгінгі таңда бірнеше үкіметтік емес ұйым өкілдері көшелерге шығып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Бүгін Павлодар қаласы әкімдігінің мамандары мен іздеушілер жасағының белсенділері көшеге шығып, коронавирустық инфекцияны алдын алу мақсатындағы түсіндіру жұмыстарына кірісті.

Еріктілер "Жақыныңа жақын бол" тақырыбындағы парақшалар пен бетперделер таратты. Акция Павлодар қаласының орталық көшелерінде өткізілді.

Белсенділер бетперде режимі, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, сондай-ақ, карантин режимі туралы халыққа түсінік беруде. Волонтерлік орталық жетекшісі Жанар Әйткенованың айтуынша, карантинге қарамастан, түсіндіру жұмыстары тоқтатылмайды.

Жерлестерімізді карантин режимін бұзбауға шақырамыз. Аурудың таралып кетпеу үшін бекітілген ережелерді қатаң сақтауымыз шарт. Біз соңғы екі айда 10 мыңнан астам отбасыға көмектестік. Еріктілер көмекке мұхтаж адамдарға дәрі-дәрмек апару, азық-түлік жеткізу сияқты жұмыстарды атқарды, - дейді Жанар Әйткенова.
жакын.JPG

Пандемия басталғалы бері еріктілер 8 104 азық-түлік жинтығын жеткізіп берді. 57 мыңнан астам маска мен 3000-нан астам антисептик таратты. Сонымен қатар, 800-ден астам дәрі жиынтығын жеткізді.

Ал соңғы апта ішінде белсенділер 1500-ден астам парақша мен 600 бетперді таратып берді. Акция жалғасын таба бермек.

 

Өзгелердің жаңалығы