Жағдайға барынша жауапкершілікпен қарау керек – бас санитарлық дәрігер

4 Шілде 2020, 11:22
1353
Бөлісу:
Жағдайға барынша жауапкершілікпен қарау керек – бас санитарлық дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жағдайға барынша жауапкершілікпен қарау керек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференцияда бас дәрігердің шешімін түсіндіру кезінде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеу және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы "Қазпошта" АҚ жұмыс істейді. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беріледі,- деді Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беріледі.

Қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Уақыт бойынша шектеу арқылы және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтер, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беріледі, - деді ол. 

Ол атағандай, жұмысын жалғастыратын барлық ұйым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды барынша сақтауы керек.

Олар ұжым мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етулері керек. Карантиндік талаптар бұзылған немесе сақталмаған жағдайда сәйкесінше әкімшілік жауапкершілік тағайындалады. Әрбір адам, бизнес өкілі жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауы керек. Өзіміз бен өзгеге ауру жұқтырмауға тырысу керек,- деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бүгінгі таңда 45719 жағдай тіркеліп, 30 219 науқас ем алып жатқанын айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы