Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері көз жұмды

20 Шілде 2020, 13:50
3301
Бөлісу:
Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусты пневмониядан Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сарыев қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.



Бүгін таңда Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Мұрат Жарылғапұлы Сарыев көз жұмды. Әлемді дүрліктіріп, алаңдатып отырған індет жаны жайсаң жандарды ортамыздан алып кетуде. Бүгін де қабырғамызды қайыстырған қайғылы жағдай болып отыр. Медицинаның дамуына елеулі үлес қосып, талай науқасты өлім аузынан алып қалған дәрігер арамыздан кетіп қалды. Мұрат ағаммен таныстығым осыдан 10 жыл бұрын Жаңаөзенде басталған еді. Ол кезде ағамыз қалалық мәслихаттың хатшысы болатын. Ағалық қамқорлығын білдірген кездері көп болды. Кейбір мәселелер бойынша ақылдасуға барғанымда, үнемі уақыт табатын. Ешқашан жоқ демейтін. Қош болыңыз, Мұрат аға!, - деп жазды ол.
Жалпы, елімізде коронавирус пандемиясынан құрбан болған қазақстандықтар саны 585 адам. Олардың қатарында медицина мамандары - провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері де бар. 

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі індеттен көз жұмған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялаған болатын болатын.
Сонымен қатар,  коронавирустан қайтыс болған павлодарлық, шымкенттік, атыраулыққызылордалық, елордалық медицина қызметкерінің туыстарына мемлекеттік наградалар берілгенін хабарланған еді.


Өзгелердің жаңалығы