Жүйеге түбегейлі жаңа тәсілдер қажет – Рахым Ошақбаев

6 Мамыр 2020, 18:43
1372
Бөлісу:
Жүйеге түбегейлі жаңа тәсілдер қажет – Рахым Ошақбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік басқару мен азаматтардың басқарушылық шешімдерді қалыптастыруына сұраныс әлемдік трендке айналып отыр.

Бұл туралы Қазақстан сарапшылар клубының пікірталас алаңында "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев айтты.
Жүргізілген талдау мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта форматтау, экономикадағы мемлекеттің үлесін қысқарту, азаматтық қоғамды мемлекеттік саясатты әзірлеуге тарту және басқарушылық шешімдерді қабылдау қажеттігін көрсетті. Мәселе туындаған аймақтар арасында жоспарлаудың тар шеңбері немесе "шотермизм", мемлекеттік жоспарлаудың үлкен жүйесі, кейбір мемлекеттік функциялардың қажет еместерін және қайталануын анықтадық. Мемлекеттік аппараттың технологиясы мен цифрлануының төмен деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың азаматтармен өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімсіздігін байқадық. Сондықтан оларды ауыстыру және  түбегейлі жаңа тәсілдер қажет, - дейді Ошақбаев
Ол сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына тоқталып өтті. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымы үкіметтің есеп беруіне басымдық беріп отыр. Тиісінше аталмыш құжат азаматтардың конструктивті сауалдарына жедел жауап береді. Бұл концепцияның қыры мен механизмдері бойынша әлі де жұмыс жүргізу керек, - дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы