"Жұмыспен қамту". 240 млрд теңге қаржы бөлінді

18 Тамыз 2020, 10:10
1545
Бөлісу:
"Жұмыспен қамту". 240 млрд теңге қаржы бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жол картасын қаржыландыруда тамыз айының жоспары бойынша өткен аптаның аяғында 240 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Жол картасын қаржыландыруда тамыз айының жоспары бойынша өткен аптаның аяғында кезекті 240 млрд теңге бөлінді. Оны игеруге айдың аяғына дейін әлі уақыт бар. Дегенмен Қазынашылық комитеттің ресми мәліметтері бойынша Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қаржы иегеру тәртібі жоғары деңгейде, - деді Біржан Нұрымбетов.

Жаңадан соғылатын нысандар халыққа қызмет ететін болады.

Жаңадан соғылатын 683 нысан болашақта өңірлерде әлеуметтік актив ретінде халыққа қызмет ететін болады. Оның ішінде білім беру саласындағы жаңа 80 құрылыс, апаттық үш ауысымды мектеп ауылда білім алуға қолжетімділік мәселелері шешілуде. Сонымен қатар, біздің педагогтарымызға 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын береді. Денсаулық, мәдениет, спорт және туризм саласындағы жаңа 60 құрылыс жобалары 20 мың тұрақты жұмыс орындарын құрайды, - деп айтты министр.
Министрдің айтуынша, жол картасының қаржысын пайдалануда коронавирус инфекциясымен күресте 13 жаңа инфекциялық емхана құрылысы жүргізілетін болады. Онда қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
153 су шаруашылық нысандарының құрылысы мен жаңғыртылуы суармалы және жайылым жерлердің көлемін арттырып, ауылшаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орындарын береді деп бағалануда. 400-ге жуық коммуналдық шаруашылық нысандары, 800 км-ден астам қалалық-ауылдық жолдар, 900 елді мекендерді абаттандыру - бұл әкімдердің халықпен кездесуі кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерін шешуге және халықтың жұмысының сапасын арттыруға бағытталған, - деді Нұрымбетов.

"Жол картасының" жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрудың негіздерін қалайтын болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Жұмыспен қамту" жол картасы бойынша 6400-ге жуық жоба іске асырылуда. Тамыз айын қосқанда 552 млрд теңге қаржыландырылды.

Өзгелердің жаңалығы