Жұмада еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

25 Қазан 2019, 08:25
2125
Бөлісу:
Жұмада еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қазанда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Қызылорда, Талдықорған және Шымкент қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы