Зейнеткерлерге қарттар күнінде қанша төлейді

26 Қыркүйек 2023, 11:51
54591
Бөлісу:
Зейнеткерлерге қарттар күнінде қанша төлейді
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1 қазан Қарттар күніне орай зейнеткерлерге 2,5 АЕК мөлшерінде 8 625 теңге бір реттік төлем төленеді, - деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік.

Ол өз сөзінде қарттарға екі жылда бір рет тіс протездеу, емдеу қызметтері барын да атады.

2023 жылға жоспар – 3000 адам. Бүгінгі күні тіс протездеу және тіс емдеуге 1529 адам қамтылған. Аталған қызметтерге тіркелу есепті жылдың 2 тоқсанында жүргізіледі, - деді ол.

Айта кетейік, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ақпараты бойынша, Астана қаласында 120 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 106 807 адам жасы бойынша зейнетке шыққан, 13 074 – еңбек өтілі бойынша зейнеткер, 8 – ЕДС ардагері, 1473 – тыл ардагері.

Өзгелердің жаңалығы