Зейнеткерден 15 млн теңгеден астам қаржы ұрлап кеткен алаяқ ұсталды

30 Маусым 2023, 05:35
664
Бөлісу:
Зейнеткерден 15 млн теңгеден астам қаржы ұрлап кеткен алаяқ ұсталды
Фото: Архив BAQ.KZ

Қарағанды облысының полицейлері зейнеткерлерді сан соқтырған жалдамалы “курьерді” ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда полиция қызметкерлерімен еріктілер “Абайлаңыз – алаяқтар” атты алдын алу іс-шарасын өткізді. Олар қала тұрғындарымен сөйлесіп, алаяқтық қылмыстарының түрлерін айтып, олардың құрығына түсіп қалмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдын алу іс-шарасы қаланың адам көп жиналатын жері Кеншілер мәдениет сарайының алдында өтті.

Мамыр, маусым айларының ішінде полицияға алаяқтарға алданып қалған зейнеткерлердің арыз шағымы күрт өсті. Күдіктілер егде жастағы адамдарға хабарласып, туысқандары жол-көлік оқиғасын жасады, оларды жауапкершіліктен құтқару үшін ақша төлеуді талап еткен. Бұндай әрекет арқылы жәбірленушілерге 130 миллионнан астам шығын келген. Қылмыстық істің негізінде еліміздің алты қаласынан 30-дан астам адам ұсталып, оның 6 қамауға алынды. Алаяқтардың көмекшілерінің арасында “Яндекс такси” жүргізушілері, тамақ жеткізушілер, жоғары оқу орындарының студенттері, кәмелеттік жасқа толмағандар және басқа да азаматтар бар. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Өзгелердің жаңалығы