Зейнетақының бір бөлігін алу. Қанша өтінім мақұлданды?

2 Ақпан 2021, 13:26
1547
Бөлісу:
Зейнетақының бір бөлігін алу. Қанша өтінім мақұлданды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифингте «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Құрманов Жанат мәлімдеді.

5-31 қаңтар аралығында БЖЗҚ-ға түрлі арналар арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме сұраған 1,2 млн-нан астам салымшы мен алушы жүгінді. Оларға 3,7 миллионнан астам үзінді берілді. Үзінді көшірмелердің 96 пайыздан астамы электрондық қызметтер арқылы және 4%-ға жуығы БЖЗҚ кеңселеріне жүгініп алды, - деп Жанат Құрманов.

Айта кетейік, БЖЗҚ 4 уәкілетті оператормен келісім жасасты. Олар – Отбасы банк, Халық банк, Altynbank, Банк ЦентрКредит. 2021 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан 52 001 салымшының өтінімі келіп түскен.

23 қаңтардан бастап қазақстандықтар Отбасы банкіне өтінім бере бастады, ол өтініш берушінің өтініші қаралғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тиісті НҚА және БЖЗҚ-мен жасалған келісімде белгіленген тәртіппен электронды хабарлама шеңберінде БЖЗҚ-ға мәліметтерді жібереді. 25 қаңтарда БЖЗҚ «Отбасы Банкінің» уәкілетті операторынан өтінімдер қабылдауды бастады. Барлық өтінімдер бір күн ішінде қаралды, - деп айтты Құрманов брифингте.

Ол 25 қаңтардан 30 қаңтарға дейін «Отбасы банк» уәкілетті операторынан 50 мыңнан аса өтініп келіп түскенін айтты.

Жалпы сомасы 212,1 млрд теңгеден асатын 38 389 өтініш, яғни 74 пайызы өңдеуге қабылданды. Төлемнің орташа сомасы 5,5 млн теңгені құрады. 28 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға Қазақстан Халық банкінен өтінімдер түсе бастады, ал үш күн ішінде, яғни 28-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ-ға 132 өтінім түсті. Оның 118-і өңдеуге қабылданды, жалпы сомасы 510 млн теңгеге жуық, - деп түсіндірді  БЖЗҚ төрағасы.

Демек, өтінімдерді қабылдаудың басынан бастап 30 қаңтарға дейін БЖЗҚ 212,6 млрд теңге сомасына 38 507 өтінімді алдын ала мақұлдады және өңдеуге қабылдады.


Өзгелердің жаңалығы