Зейнетақы жинағындағы қаржы. Қазақстандықтар 1 трлн теңге пайдаланды

26 Мамыр 2021, 15:03
4689
Бөлісу:
Зейнетақы жинағындағы қаржы. Қазақстандықтар 1 трлн теңге пайдаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгеден астам қаражат аударды.

159 621 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі - әйелдер (50 236) және үштен екісі - ер адамдар (109 385).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тетігін әзірлеу кезінде банктің мақсаты – клиент үшін процесті мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету болды, бастысы – онлайн форматта. Қысқа уақыт ішінде банк enpf-otbasy.kz интернет-ресурсын құрып, БЗТ пайдалану тетігін тез арада іске қосу үшін БЖЗҚ-мен интеграция жасады, - деді банктің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

БЗТ қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (28 450 адам), олар жалпы сомасы 279 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (26 015 адам), елорда тұрғындары 162 млрд-тан астам теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (21 832 адам), алматылықтар жалпы сомасы 173 млрд-тан астам теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

26.05.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:

· 32 273 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық)

· 25 637 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)

· 82 261 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу)

· 8 422 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын алды

· 3 953 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

· 2 018 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді

· 204 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды

· 4 853 клиент емделу ақысын төледі.

Қазіргі уақытта клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша келесі арналар жұмыс істейді:

1. Банктің байланыс орталығы. 300 қысқа нөмірі бойынша қызмет көрсетеді

2. Tele2 және Altel абоненттері үшін ақысыз нөмір 8 800 080 1880

3. Whatsapp арнасы. +7 705 925 13 01 телефоны арқылы қызмет көрсетеді

4. Видео-банкинг банк сайтында бейне сұхбат бастауға болады

5. Telegram-бот

6. Сізге ыңғайлы болу үшін сайттағы арнайы форма арқылы қоңырауға тапсырыс беруге болады.

7. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жазылған сайттың арнайы бөлімі. Осы жерден түсіндірмелі бейнероликтерді де көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы