Зерттеу. Жаңалық оқымайтындардың табысы аз болады

3 Мамыр 2023, 12:12
892
Бөлісу:
Зерттеу. Жаңалық оқымайтындардың табысы аз болады
Фото: Артём Чурсинов

ҚСЗИ Стратегиялық зерттеу институтының «Қоғам келбеті: елдің даму бағытына қоғамдық көзқарас» атты зерттеуінің нәтижесі жарияланды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Онда елдегі жаңалықтардың негізгі көзі ретінде халық теледидар (46,3 пайыз) мен әлеуметтік желілерге (46,1пайыз) сүйенетіні анықталды. Бұл ретте, қазақстандықтардың медиа-қызығушылықтары жасына қарай бөліп қарастыруға болады. Аға буын өкілдері теледидарды (77,0 пайыз), жастар әлеуметтік желілерді (58,9 пайыз) жаңалық көзі ретінде жиі таңдайды, - делінген жазбада.

Сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, 46,7 пайыз адам елдегі оқиғалар туралы жаңалықтарды үнемі қадағалап отырады. 

Халықтың одан біршама аздау бөлігі (43,0 пайыз) жаңалықтарды мезгіл-мезгіл, арасына уақыт салып бақылайды. 

Сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы адам (10,0 пайыз) жаңалықтарға мүлдем қызығушылық танытпайды. 

Соңғыларының ішінде материалдық табыс деңгейі төмен азаматтар жиі кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы