Зерттеу нәтижелері Фавипиравир дәрісінің тиімсіздігін көрсетті – ғалым

23 Тамыз 2020, 12:18
1520
Бөлісу:
Зерттеу нәтижелері Фавипиравир дәрісінің тиімсіздігін көрсетті  – ғалым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі біріккен комиссия отырысында «Фавипиравир» дәрісін қолдануға қатысты мәселе талқыланды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Талқылау нәтижесі бойынша этиотропты терапияға арналған дәрі-дәрмек заттарына клиникалық зерттеулер жасауға және медициналық жоғары оқу орындарында этиотропты терапияға ғылыми жетелеме жасау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістен енгізу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты клиникалық зерттеулердің нәтижесі шыққанға дейін «Фавипиравир» препаратын біріңғай дистрибютер арқылы сатып алуды тоқтатты.

Бұл жөнінде «Қарағанды медициналық университеті» ҰАҚ, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, клиникалық хаттамасын әзірлеушілер тобының жетекшісі Бақыт Көшерова айтып берді.

Бұл мәселе жөнінде қоғамға түсінікті тілмен баяндауымыз керек. Біріншіден, этиотропты емдеу әзірге тек тәжірибелік тұрғыда жүріп жатыр. Ең әуелі этиотропты емдеу дегенге анықтама берсек. Бұл- аурудың қоздырғышына әсер ететін емдеу. Яғни біз, КВИ туралы және вирусқа қарсы әсер ететін дәрілер туралы түсіндірме беріп отырмыз. Баршаңызға мәлім, біз Қытайдың Ухан қаласында шыққан COVID-19 індеті туралы желтоқсан айында білдік. Содан бері сегіз ай өтті. Ғылымның мүмкіндігі үшін бұл соншалықты көп уақыт емес. Сол себепті дәл қазір бұл вирусқа қарсы нақты мынандай препарат әсер етеді деп сенімді түрде айту қиын. Сәйкесінше, қолданыстағы дәрі-дәрмектер тәжірибелік болып саналады.

- Бақыт Нұргалиқызы, демек, қазіргі дәрі-дәрмектің барлығы тәжірибелік және клиникалық зерттеулер жүріп жатыр деген сөз ғой?

-Біз де, дүниежүзіндегі барлық дәрігерлер дәрі-дәрмекті клиникалық зерттеулерге сәйкес науқастардың ақпараттандырылған келісімі арқылы қолданады. Азия мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда, Қытайда, көптеген Еуропа елдерінде, Үндістанда алғашқы болып Лопинавир Ритонавир дәрілері кең қолданысқа ие болды. Аталған препараттар ауру ошағы болған Қытайда да коронавирусқа қарсы қолданылды және тиімділігі дәлелденді. Бұл дәрі-дәрмектің вирусқа қарсы күші басым болды деген сөз. Соған сәйкес науқастардың барлығына, симптомды және симптомсыздығына қарамастан тағайындалды. Өз кезегінде ДДСҰ-ның халықаралық зерттеуіне енгізілді. Алайда аталған препараттардың өлім жағдайындағы адамға әсер етпейтіні анықталып, ДДСҰ мамыр айының соңы мен маусымның басында керекті тізімнен алып тастады. Зерттеу нәтижелері атаулы дәрі-дәрмектің қазіргі уақытта тиімсіздігін көрсетті.

-Тереңірек түсіндіріп беріңізші. Сіз атаған екі дәрі алғашқыда Қытайда өте жақсы тиімді деп танылды. Көп уақыт өтпей аяқ астынан тиімсіз болып қалды. Мұны қалай түсінуге болады?

-Мұның мәнісі мынада. Егер байқасаңыздар, вирус қозғалыста тұрады оның үстіне кейбір дәрілерге қарсы төтеп бере алады. Ия, алғашқы уақытта Қытайда, Кореяда кең қолданылып тиімділігі анықталды. Алайда 5-6 айдан кейін вирусқа қарсы әсері төмендеп кетті. Сонымен қатар, Қытайда вирустың өзіндік штаммы болды, ал еуропа басқа штамм, үшінші штамм түрі Азияда кездесті. Айта кетейін, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғалымдары науқастардыңтыныс алу жолдарынан сынама алып зерттеу жасады. Нәтижесінде Уухандағы және еуропадағыекі штаммдарға ұқсас екі жағдай тіркелді.

ДДҰ-ның клиникалық зерттеулер қатарына тағы бір дәрі енді. Ол «Гидроксиохлорокин» деп аталады. Негізінен ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылады. Ол біздің де клиникалық хаттамада болды. Негізінен, Италияда, Германияда, АҚШ-та, Үндістанда, Түркияда, Сауд Арабиясында кеңінен қолданылды және қазір де қолданыста бар.Құрамында хлор бар тағы бір препарат - хлорокин, оны қытайлық әріптестеріміз қолданған. Құрамында хлоры бар тағы бір препарат «Хлорохин» деп аталады және оны да Қытайлық әріптестеріміз қолданған. Бірақ, бұл дәрі ДДСҰ-ның зерттеуінде болған, кейіннен оның да қолданылуы тоқтатылды. Белгілі бір уақыттан кейін қолданылуына рұқсат етіліп, кейіннен тіпті вирусқа қарсы дәрілер тізімінен шығарылды. Яғни, мұның да тиімсіздігі дәлелденді.

Тағы бір «Ремдесивир» деп аталатын этиотропты препарат бар. Оны көбіне АҚШ пен Еуропа елдері ауыр жағдайда жатқан науқастарға қолданды. Қазіргі уақытта аталған дәрінің тиімділігі жақсы деп бағалануда. Яғни, өлім-жітімді төмендетуге, індетті тезірек жеңуге септігі мол.

Сондай-ақ, сіз сұрап отырған «Фавипиравир» перепараты жөнінде. Бұл Жапонияда шыққан дәрі және ол туралы инфекционист мамандар жақсы біледі. Әу жапон ғалымдары оны тұмауға қарсы зерттеді және жақсы нәтижелер алды. Жаңадан коронавирустық инфекция пайда болған кезде олар бірнеше мәрте зерттеулер жасады. COVID-19 індетінен барлық науқастарды емдеп шығарып, одан әрі зерттеуді жалғастыра алмады.

- «Фавипирапир» препаратын Қазақстаннан басқа да елдер қолдана ма?

- Бұл препарат бүгінде Ресей Федерациясы, Үндістан, Белоруссия және Сауд Арабиясының клиникалық хаттамасында бар. Әріптестеріміз клиникалық хаттамада аталған препаратты коронавирус инфекциясының орташа-ауыр түріне шалдыққан пациенттерге ғана қолдануды ұсынғанын атап өткен жөн. Дәрігер «Фавипирапир» тағайындар алдында әр пациентке ескерту жасайды, мәселен, егер науқас бала көтеретін жастағы әйел болса, онда ол жүктілікке тест жсауы қажет, ал науқастың жүрегі ауыратын болса, емді бастамас бұрын электрокардиограммаға тсуі тиіс. Яғни, препарат жалпыға бірдей тағайындалмайды, белгілі бір шектеулері бар және пациенттерге сол шектеулер туралы міндетті түрде хабарлау қажет. Сондықтан, «Фавипирапир» пациенттің келісімімен ғана клиникалық зерттеулер шеңберінде және тек стационарда ғана беріледі.

- Бақыт Нұрғалиқызы, қазақстандық науқастарға тәжірибе жасалып жатыр деген әңгіме бар. Бұл жайында не дейсіз?

- Мүлдем олай емес. Бүгінде бүкіл әлем коронавирус инфекциясына қарсы тиімді препарат іздеуде. «Фавипирапир» де клиникалық сынақтардан өтуде. Мен жоғарыда бірнеше дәрі-дәрмекті атадым және олардың әрқайсысын ДДСҰ емдеу хаттамасына енгізді, содан кейін оларды алып тастады. Дәрігер пациентке кез келген препараттың жанама әсерін, оның эксперименталды екенін айтады, осы инфекциядағы тиімділігін көрсететін жариялы мәліметтер бар. Бірақ бұл толық зерттелген жоқ. Дәрігер пациентті осы немесе басқа препараттың жанама реакциясы туралы хабардар етеді. Мысалы, «Лопинавир»/ «Ритонавир» кейін жүрек айнып, құсу, диарея болуы мүкін, «Гидроксихлорофин» жүрек бұлшықетіне әсер етеді, «Ремдесивир» дәрісінішкен соң аздап жүрек айнып, құсу, әлсіздік пайда болады. Пациенттер препараттың барлық жанама әсерімен танысып, ақпараттандырылған келісімге қол қоюы керек. Келісімсіз ешкім науқасқа дәрі бермейді.

- Бұл препараттар науқас үшін қаншалықты қауіпті болуы мүмкін?

- Мысалы, «Парацетамол» препаратын алайық, оны бәрі қабылдайды. Оның қандай жанама әсері бар екенін білесіз бе? Парацетамолдың ауыр жанама әсерінің бірі - бұл дәрі-дәрмек салдарынан болатын гепатит. Бауырға өте үлкен зақым келеді, препараттың улы әсеріне байланысты бауыр функциясы бұзылады. Немесе антибиотиктерді алыңыз. Халыққа не болғанын түсінбеймін, ауру өршуіген кезде адамдар бір емес, тіпті екі антибиотикті емес, бірден үшеуін қабылдады. Ішек дисбиозының қаншалықты дамығанын елестетіңіз! Бірақ ең жаманы – қарсылық білдіру. Ертең олар басқа аурулармен ауырады – бұл микроорганизмдерге қандай антибиотик әсер етеді? Бұл үлкен мәселе. Адамдар мұны ойламайды, олар оны қалыпты деп санайды. Ауруханада қолданылатын «Фавипирапир» сияқты вирусқа қарсы препараттарға қатысты: біз олардың жанама әсері туралы білгенде, пациенттерге хабарлағанда, халықты түсіну үшін дауыстап сөйлескенде, олар: «бізді эксперимент ретінде пайдаланады» деп айта бастады. Маған сеніңіз, біз бұл препараттарды ешкімге күшпен тағайындамаймыз. Егер қаламасаңыз, оны сізге ешкім бермейді.

- Менің түсінуімше, бұл препараттар бәріне бірдей тағайындалмай ма?

- Менің әріптестерім «Фавипирапирді» клиникалық хаттамада аурудың орташа ауыр ағымында ғана қолдануды ұсынғанын айттым. Бірақ, вирусқа қарсы препараттардан өзге, басқа да препараттар – антикоагулянттық емдеу, тыныс алуды қолдау, глюкокортикостероидтар бар екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, пациенттер қосымша аурулар бойынша алатын препараттар бар.

Мен - медицина университетінің проректоры және Covid-19 бойынша клиникалық хаттаманы әзірлеуші топтың жетекшісімін, өзім инфекциялық және провизорлық стационарда жұмыс істедім және іс жүзінде хаттаманың тиімділігін көрдім. Бізде 70 жастан асқан 200-ден астам науқас болды. Барлығын қалпына келтірдік, ешкім қайтыс болған жоқ, өйткені біз коронавирус инфекциясын емдеу әдісін үйрендік. Бізде қант диабеті, артериалды гипертония, созылмалы жүрек, бүйрек аурулары, эндокриндік патологиясы бар науқастар көп болды. Тәжірибе көрсеткендей, егер пациенттер өздерінің қосымша ауруларын емдеуді жалғастырса: олар үнемі қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді ішеді және сонымен қатар COVID-19 бойынша ем қабылдайды, мұндай науқастарда ауру айқын клиникалық көрініссіз жеңіл өтті. Ол әдеттегі инфекциялық процесс ретінде жүрді. Сондықтан көп нәрсе пациенттің тәртібіне оның жалпы емделуге деген нитіне байланысты.

 


Өзгелердің жаңалығы