Өзбекстанға барып вирус жұқтырып келген науқас жазылды

15 Сәуір 2020, 18:52
1215
Бөлісу:
Өзбекстанға барып вирус жұқтырып келген науқас жазылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында коронавирустен жазылғандар саны 7 адамға жетті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы науқас ауруханадан шығарылды. 
Науқастанып, жазылып шыққан 59 жастағы азамат - Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны. Ол 26 наурызда Өзбекстаннан үйлену тойында болып келген. 28 наурызда шұғыл медициналық көмек бригадасы оны Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылындағы ауылдық аурухананың обсервациялық бөліміне жеткізген. Науқаспен  қарым-қатынас жасаған 13 адамнан ауруханада вирусологияға талдау алынды. Олардың барлығының нәтижесі теріс болып шықты, - делінген хабарламада. 

Науқасқа 14 сәуірде қайта жасалған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Пациенттің шағымы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық.
Өзгелердің жаңалығы