Зайсан ауданында Кендірлік су қоймасы салынады – ШҚО

2 Қараша 2024, 00:38
502
Бөлісу:
Зайсан ауданында Кендірлік су қоймасы салынады – ШҚО
Фото: скрин

Нысан құрылысын келер жазда бастап, үш жыл ішінде аяқтау көзделген. Өлкедегі су бөгендерін жаңарту жұмыстары да қолға алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, апатты деп танылғанына біраз жыл болған Үйдене су қоймасы қалыпқа келтірілмек. 60 жыл бұрын салынған, қазір әбден тозған бөгеннің жағдайы ауыл халқын алаңдатып отырғаны рас. Су қоймасының жалпы сиымдылығы 75 миллион текше метр. Алайда, қазір оған 45 миллион текше метрден артық су сыймайды. Ал Кендірлік өзенінен плотина салынса, Зайсан ауданындағы шаруаларды қажытқан қиын мәселе оң шешімін табады.

Су тапшылығы өзекті Зайсан ауданында сондықтан Кендірлік су қоймасын салу шешімі қабылданды. Бұл су қоймасы салынған кезде ауылшаруашылық жерлеріне 11 мың гектар жерге су жеткізілетін болады. Бүгінгі күнде шаруаларға жазғытұрым су азайған кезде со су қоймасынан көбірек су беріледіе, – дейді «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов.

Өзгелердің жаңалығы