Алматы полицейлері заңсыз жүрген шетелдіктерді іздеп жатыр

10 Қыркүйек 2019, 13:43
1495
Бөлісу:
Алматы полицейлері заңсыз жүрген шетелдіктерді іздеп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жалпыреспубликалық "Заңсыз-2019" жедел алдын алу шаралары басталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шара қалада заңсыз жүргендерді анықтауға және қалаға мигранттарды заңсыз өткізетіндерді анықтауға бағытталыған. 

«Іздестіру жұмыстарының алғашқы күні көші-қон заңын бұзғаны үшін 235 азамат жауапқа тартылды, оның 177 шетел азаматы. 46 шетел азаматының елге келу мерзімі қысқартылды, сондай-ақ соттың шешімімен 54 азамат елден шығарылды. Құжатсыз жүрген 64 шетелдік қамауға алынды. Шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 12 жұмыс беруші жауапқа тартылды», - деді Алматы қаласы көші-қон қызметінің басқарма басшысы Асхат Бутунчинов.

Өзгелердің жаңалығы