Шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Түрксіб аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі мәлімдеді.
-Полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзуды тоқтатуға бағытталған рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады. Тексеру көрсеткендей, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған. Біздің басты міндетіміз - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады, - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.