Заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға арналған халықаралық форум өтті

22 Маусым 2023, 10:44
772
Бөлісу:
Заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға арналған халықаралық форум өтті
Фото: автордан

Астанада қылмыстық кірістерді заңдастыру мен заңсыз активтерді қайтаруға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық форум аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қаржы мониторингі, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу агенттіктерінің өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген құқық қорғаушылар мен судьялар, шетелдік және отандық сарапшылар қатысты.

Форумда заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдың, қаржылық тергеулер жүргізудің және ұрланған активтерді қайтарудың өзекті мәселелер төңірегіндегі мәселелер талқыланды.

Халықаралық форумда ең басты мәселе ұрланған активтерді қайтаруға байланысты, заңсыз қылмыстық жолмен табылған мүліктерді заңдастыруға қарсы шаралар бойынша талқылаулар болды. 3 күн бойы ТМД мемлекеттерінің құқық қорғау қызметкерлері келді. Форумда мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіледі. Латвия мемлекетінің тәжірибесі қаралды. Мысалы біз ұрланған активтерді қалай қайтарамыз деп жатсақ, Латвияда сыртқа шығармаудың әдістемелері айтылды, - деді Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясының қызметкері Руслан Жақсылықов.

Өзгелердің жаңалығы