Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

6 Қазан 2023, 10:39
673
Бөлісу:
Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
PHOTO
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

72 адамнан тұратын қылмыстық топ Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда әрекет еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.

Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді. Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған. Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, - делінген хабарламада.

Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Өзгелердің жаңалығы