Заңсыз балық аулау деректерін анықтау бойынша рейдтер өтті

8 Қаңтар 2021, 14:16
2449
Бөлісу:
Заңсыз балық аулау деректерін анықтау бойынша рейдтер өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулау деректерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz. 

2021 жылдың 7 қаңтарында Қапшағай қаласы ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары табиғи ресурстарды қорғау бойынша мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірге Қапшағай су қоймасында бірлескен рейдтер өткізді. 

Рейд барысында әуесқой балықшылар арасында балық аулау ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі, мұзда болу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ әуесқой балық аулауды жүзеге асыру орындарын таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы табиғатты қорғау саласы бойынша жеті қылмыстық іс тіркеліп, 68 әкімшілік ұйғарым шығарылғанын атап өткім келеді, – деді Қапшағай қаласы ПБ бастығының орынбасары Рауан Шалбаев. 

Ол барлық әуесқой балықшыларды балық аулауды жүзеге асыру кезінде мұзда тазалық сақтауға, автокөлік құралдарымен мұзға түспеуге, сондай-ақ өзінен кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауға, табиғатқа қамқор болуға шақырды.



Өзгелердің жаңалығы