Заңнамалық актілерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын ережелер алынып тасталады

20 Маусым 2019, 10:55
2009
Бөлісу:
Заңнамалық актілерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын ережелер алынып тасталады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлесен отырысында ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми ведомствоның бір жылдық жұмысын қорытындылай келе айтты.

Кеңес төрағасы «ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялады. Оның айтуынша, бір жыл ішінде Кеңес бірқатар констиуциялық нормаларға ресми түсіндірме берді. Өткен кезеңде кеңестің қорытынды шешімдерін орындауға бағытталған бірқатар заңнамалық, өзге де актілер қабылданды. 

Конституциялық бақылау органының жолдауында Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін орындауда жағымды үрдістер байқалады. Мәселен, оның құқықтық ұстанымдарын іске асыру үшін жыл басында заңнамада мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру кезінде оның құнын өтеу бұрынғыдай кадастырлық немесе шарттық емес, нарықтық бағасы бойынша жүзеге асырылатын болды. 

«Атқарушылық іс жүргізуде күштеп әкелуді қолдану тәртібі реттелді, сондай-ақ оны жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің ара-жігі ажыратылды. Конституциялық кеңестің ұсыныстарын ескере отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес азматтарды азаптаудан, зорлық-зомбылықтан, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсету мен жазадан қорғау тетіктері күшейтілді; әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің, халқтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңның жобалары, сондай-ақ норма шығармашылық процесті жетілдіруге, заңнаманы жүйелеуге және құқық қолдануды жақсартуға бағытталған іс-шаралар әзірленді», - деді Мәми. 

Констиуциялық Кеңес төрағасы заңнамалық актілерде бір-біріне қайшы келетін және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жағдай жасайтын ережелерді алып тастау бойынша жұмыс жалғасатынын айтты.

Констиуциялық іс жүргізу практикасын және заңнаманы дамтудың қазіргі заманғы трендтерін талдауды ескере отырып, Констиуциялық кеңес елімізде құқық мемлекет қағидаттарын нығайту бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Конституицялық Кеңес заңнамалық массивті конституцияландыру деңгейін арттыру қажет деп пайымдады. 

Кеңес ұсынымдарының бірқатары адам құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты. Бұл әйелдердің және балалардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту; адамның қадір-қаситетіне және меншік құқығына қол сұғылмаушылық кепілдіктерін нығайту; сот ісін жүргізудің барлық түрінде мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін жетілдіру; қылмыстық процесте жекеше айыптау істері бойынша жәбірленушілердің құқықтарын кеңейту және т.б.

Өзгелердің жаңалығы