Заңгер Конституциялық реформалардың нәтижесі туралы айтты

3 Тамыз 2023, 15:05
1407
Бөлісу:
Заңгер Конституциялық реформалардың нәтижесі туралы айтты
Фото: Ермек Әбдірасұловтың мұрағатынан

Астана атауының оралуы халықтың көңілінен шыққан өзгеріс болды. Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми кеңесшісі Ермек Әбдірасұлов бір жылға созылған еліміздегі конституциялық өзгерістердің нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізге мәлім, былтыр Мемлекет басшысы Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында былай айтқан: «Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын». Мемлекет басшысының қажетті конституциялық қайта құрылудың негізгі бағыттарын белгілеген осы бағдарламалық сөзінің негізінде конституциялық реформаның IV кезеңі басталды. Аталған Жолдаудың негізінде 2022 жылғы 05 маусымда өткен республикалық референдумда Қазақстан халқы бекіткен біршама өзгеріс қалыптасты. Бұл конституциялық реформалардың негізінде келесідей өзгерістер бекітілді, - деді Ермек Әбдірасұлов.

Ермек Әбдірасұлов нақты үш өзгеріске тоқталды.

Біріншеден, Суперпрезиденттік Республикадан Президенттік Республикаға көшуудің біртайлай аспектілері. Соның ішінде, Президент өзін қандай да бір саяси партиядан алшақтатты. Президенттің жақын туыстары мемлекеттік-саяси қызмет лауазымдарын атқаруға құқылы емес. Сонымен қатар «Елбасы» ұғымы Конституция нормаларынан алынды. Екіншіден, тежемелік әрі тепетеңдік институтын одан әрі жетілдіру және жергілікті билікті күшейту мақсатында, Конституциялық нормалар жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Олардың бірі, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қала мен астана мәслихаты депуттарының жиналысын өткізу тәртібі айқындалды. Конституцияның 88-бабының 4-тармағы Президентті әкімдердің шешімдері мен үкімдерінің күшін жою жөніндегі өкілеттерінен айырды.

Үшіншіден, Республиканың сайланбалы жүйесінде күрделі конституциялық өзгерістер болды: пропорционалды және мажоритарлық үлгіге көшу мен сайлау жүйесін өзгерту белгіленді; Қазақстан халқы Ассамблеясы квоталанған сайлау негізінде сайланатын мәжіліс депутаттары қысқартылды.

Төртіншіден, Конституциялық Соттың құрылуымен және Адам құқығын қорғау уәкілінің контитуциялық статусының пайда болуымен адам және азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесі күшейтілді, - деп мәлімдеді Ермек Әбдірасұлов.

Заңгер конституциялық реформаның келесі кезеңі 2022 жылғы 17 қыркүйекте жалғасын тапқанын атап өтті.

Былтыр қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын қабылдады. Заң аясында 2022 жылғы 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Халықтың пікірін ескере отырып жасалған осы өзгеріс көпшіліктің көңілін баулады, - деді Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми кеңесшісі.

Сонымен қатар биыл Астана қаласы мәслихатының 34 депутаты сайланды. Қалалық мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша партиялық тізімде 50%, бірмандаттық округ бойынша 50% сайланды.

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар келесідей бөлінген еді:

“Amanat” партиясы - 12 мандат;
Қазақстан халық партиясы - 1 мандат;
“Ақ жол” демократиялық партиясы - 3 мандат;
“Байтақ” Жасылдар партиясы - бір мандатқа ие болды.

Сайланған депутаттардың орта жасы 46-да ал, ең жасы 24- те. Ең үлкені 63 жаста. Мамандықтары бойынша 7 заңгер -7 , экономист- 9, инженер-7, дәрігер - 4, педагог - 2, журналист -2 , басқа маман иелері бойынша 3 адам сайланды.

Өзгелердің жаңалығы