Заңғар Нұрланұлы Словакиядағы теннис турнирінде финалға шықты

13 Наурыз 2022, 01:44
1529
Бөлісу:
Заңғар Нұрланұлы Словакиядағы теннис турнирінде финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Словакияда өтіп жатқан Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы Baseline Open U14 2022 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар жартылай финалда Қытайдың осы жастағылар бойынша бірінші ракеткасы Янхонг Лиді тас-талқан етіп жеңді - 6:1, 6:1.

Финалда 13 жасар қазақстандық теннисші словакиялық Зиго Шешкомен бас жүлдені сарапқа салады.

З.Нұрланұлы жұптық сында З.Шешкомен бірге финалда қытайлық Я.Ли - чехиялық Ян Растицамен 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы