Ресейде магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен таңғы сағат 05:47-де тіркелген. Эпицентр 1 шақырым тереңдікте орналасқан.ъ

 istockphoto.com 10 Қазан 2026, 09:46
10 Қазан 2026, 09:46
310
Фото: istockphoto.com

Сейсмологтер Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі Кузбасс аумағында жерасты дүмпулерін тіркеген. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 10 қазанда Астана уақытымен сағат 05:47-де (Гринвич уақытымен 00:47-де) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 54,04 градусы мен шығыс бойлықтың 86,47 градусы аралығында орналасқан. Магнитудасы – 5,2, энергетикалық класы – 11,8. Ошақ тереңдігі 1 шақырым болған.

Бұған дейін Панаманың оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,6 болатын қуатты жер сілкінісі тіркелгені хабарланған еді. Жерасты дүмпулерінен кейін АҚШ Геологиялық қызметі цунами қаупі туралы ескерту жариялады.

Наверх