«Заңға өзгеріс енгіземіз». Балаева қазақша дубляждың неге тоқтап қалғанын түсіндірді

6 Қазан 2023, 18:59
1138
Бөлісу:
«Заңға өзгеріс енгіземіз». Балаева қазақша дубляждың неге тоқтап қалғанын түсіндірді
Фото: ОКҚ

Жыл соңына дейін 5 шетел анимациялық фильм қазақша дыбысталып, көрерменге жол тартады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дубляж - байқау аясында жасалатын дүние.  Жыл басынан бері үш рет байқау жарияланды, өкінішке қарай бірде-бір компания қатыспаған. Сондықтан тамыз айының аяғында тағы да байқау жариялап, қазіргі таңда соның нәтижесін күтіп отырмыз. Қазір заңдық тұрғыдағы мәселелерді қарап жатырмыз, өйткені кешке дейін бір байқауға қарап отырсақ, уақытымыз бекер кетеді. Екіншіден, біздің үкіметтің берген ақшасын да игеруіміз керек. Сол себепті заңға өзгеріс енгізіп, оның басқа жолдарын қарастыратын боламыз, - деді Аида Балаева.

Министрдің айтуына қарағанда, балаларға арналған шетелдік мультфильмнің де жайы байқауға байланысты.

Бүгінгі таңда байқау жарияланды. Оған 5 компания ұсыныстарын берді. Жыл соңына дейін 5 анимациялық фильм прокатқа шығады, - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі болған Асхат Оралов жылына 15 фильмге қазақша дубляж жасалады деген еді.

Өзгелердің жаңалығы