Заң "Еститін мемлекет" тұжырымдамасының жарқын көрінісі - Жексен Әбдрахманов

5 Наурыз 2020, 15:10
2075
Бөлісу:
Заң "Еститін мемлекет" тұжырымдамасының жарқын көрінісі - Жексен Әбдрахманов
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен өткен бейбіт митинг өткізу бойынша заң жобасын талқылау жиынында қарағандылық қоғам белсендісі Жексен Әбдрахмановтың митингтен қорқудың қажеті жоқтығын айтты.

"Халық-дана, халық-бала" дейді қазақ. "Баланы неге жылай бересің" деп сабай бергенше, "неге жылап тұрсың, құлыным" деп сұраған артық болар. Митингтен қорқып керегі жоқ. Халықтың, яғни баланың жылағаны осы митингтер, - дейді қоғам белсендісі.

Жексен Әбдрахманов президенттің "Еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы осы заңды халықпен бірлесе талқылау дұрыс екендігін айтады.

Мемлекет басшысы митинг өткізушілердің саны 250 адамнан аспау керек деген шектеуді алып тастау керектігін айтты. Бұл шектеу алынып тасталады. Міне, "еститін мемлекет" деген осы,- дейді қоғам белсендісі Жексен Әбдрахманов.

Оның айтуынша, заң жобасындағы митинг өткізуді 15 күн бұрын ескерту керек деген өзгеріс халық арасында қолдау таппай отыр. 15 күнде көп жәйт маңыздылығын жоғалтады. Сондықтан да елдің көбісі 1-2 тәулік бұрын ескерту берсе жеткілікті деген пікірде. Сондай-ақ, қоғам белсендісі заңның алдымен қазақ тілінде жазылмауына байланысты пікірін білдірді.

Заң орыс тілінде жазылған. Содан кейін оны яндекс-аудармашымен аудара салған. Сондықтан да заңның орысша мәтіні бір бөлек, қазақшасы бір бөлек болып кеткен. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі-қазақ тілі, заңдар алдымен қазақша жазылуы тиіс. Одан кейін өзге тілге аударылуы керек деп есептеймін, - деді Жексен Әбдрахманов.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы талқыланған еді. Сондай-ақ, министр өз сөзінде митингтен қорықпайтындығын, сол себепті де қоғамдық тыңдалым өткізіп, халықтың пікірін білуді мақсат ететіндігін айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы