Қызылордада 220 оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді

1 Қыркүйек 2020, 15:37
1201
Бөлісу:
Қызылордада 220 оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында 220 қызылордалық оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілген игі шара аясында Сыр мешіттері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер, кеңсе дүкеніне сертификаттар және қашықтан білім алуға арналған смартфондар мен планшеттер тарту етті.

Қайырымдылық шарасында көмек алған балалар бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған имамдар мен ерікті жамағаттарға шексіз алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы