Қызылорда облысында күн электр станцияның құрылысы басталды

2 Тамыз 2019, 19:54
1973
Бөлісу:
Қызылорда облысында күн электр станцияның құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында бірнеше елдімекеннің әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарының жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ «Байқоңыр Солар» ЖШС электр станциясы құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен аймақ басшысы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округінде күніне 50 мВт күн электр қуатын өндіретін станцияның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аталмыш станция көрші аудандар мен облыс орталығын электр қуатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауадағы көмірқышқыл газының жылдық шығарылуын 75 мың тоннаға азайтып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаға біз де көмек беріп, әрі қарай ауқымын кеңейтуге, дамытуға дайынбыз. Алдағы уақытта әлеуметтік көмек есебінде күн электр станциясы жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына жеңілдіктер көрсетілу жағын қарастырған жөн», - деді Қ.Ысқақов.

Бұл жобаны «Қазына Капитал менеджмент» АҚ және «Юнайтед Грин Британдық холдингі» қаржыландырады. Іске қосылғаннан кейін 23 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы