Юрий Натаров – Tour of Almaty-2019 жарысының жеңімпазы

1 Қыркүйек 2019, 10:01
2054
Бөлісу:
Юрий Натаров – Tour of Almaty-2019 жарысының жеңімпазы
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-мәрте ұйымдастырылған Tour of Almaty-2019 велододасы аяқталды. Жарыс үшінші жыл қатарынан екі күнге жалғасып өтті.

Бірінші кезең «Индустриалды паркте» өтіп, 118 шақырымға созылды. Алғашқы кезең жеңімпазы – CCC Development Team командасының шабандозы Патрик Штох.

IZT_3249.JPG

Екінші таулы кезеңде шабандоздар 160 шақырым жүрді. Бұл кезең Tour of Almaty жарысының бет-бейнесіне айналды. «Халық Аренадан» бастау алған екінші кезең Шығыс айналма жолы арқылы өтіп, әл-Фараби даңғылына келді. 

photo_toa2019-2.JPG

Сосын Мұстафин көшесінің маңындағы айналма жолдан Халилин көшесіндегі күрмеуге жетті. 4,5 айналымнан соң пелетон Тұңғыш Президент саябағынан «Медеу» мұз айдынына қарай финалдық бөлімге ұласты.

photo___toa2019.JPG

Жарыс барысында шабандоздар бірнеше мәрте шабуыл жасап, қызу бәсекеге түсті. Соның ең маңызды тұсы мәреге 2 шақырым қалғанда орын алды. Astana Pro Team шабандозы Юрий Натаров Gazprom-RusVelo шабандозы Николай Черкасов Amore&Vita-Prodir командасының өкілі Данило Челано үшеуі негізгі топтан суырылып алға шықты. Осы үштік жүлделерді сарапқа салды.

_photo_toa2019.JPG

Челано екінші кезеңнің жеңімпазы атанса (3:51:57), Черкасов – екінші келді (+0,01). Ал Натаров үшінші келгенімен (+0,04) бір күн бұрынғы жаппай спринттегі уақытының арқасында жалпы жарыстың жеңімпазы атанды.

photo_toa2019_1.JPG

Отандасымыз Gazprom-RusVelo командасының мықтысы Александр Власовтан 26 секундқа, ал Челанодан 38 секундқа басым түсті.

tourofalmaty2019________.JPG

"Жарыс маған қатты ұнады. Бізде жеңімпаз атанады деген екі үміткер болды. Стальновтың да таулы аймаққа қалай шыға алатыны белгілі. Кеше біз Власов секілді мықты шабандозбен бірге келдік. Мұнда ондай шабандоздардың біршамасы жүр. Сондықтан, барлығына көз-қырымызды салып жүруге тура келді», - деді Натаров.

IZT_3389.JPG

Сонымен бірге Натаров жарыстағы қазақстандық үздік шабандоз жейдесін де жеңді. Спринтерлер сайысында CCC Development Team өкілі Патрик Штох жеңіске жетті. "Ала жейдені" таулы аймақта мықты болған Vino Astana Motors шабандозы Евгений Федоров алды.

tourofalmaty2019_.JPG

Айта кетуіміз керек Tour of Almaty-2019 жарысының жүлде қоры 40 мың еуроны құрады. Әр кезең сайын алғашқы 20 шабандоз ақшалай сыйақы алды. Әр кезең сайын түрлі марапттар иеленген шабандоздар мен жалпы есепте жақсы көрсеткішке ие болғандар да марапатқа ие болды.

tourofalmaty2019__.JPG

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Кәлетаев Tour of Almaty жарысын облыстық деңгейге көтеретін кез жеткенін айтты:

"Алматы Туры" өзін көрсетті. Менің ойымша бұл дода әлемдік спорт күнтізбесінен ойып тұрып орын алды. Енді жарысқа Алматы облысы да қосылғаны дұрыс. Шарын шатқалы секілді керемет табиғи байлығы бар аймақ жарыстың серіктесі болуы қажет. Түбінде облыс басшылығы осындай шешім шығарады деген үміттемін» - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы