Юлия Путинцева Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

25 Мамыр 2023, 08:15
503
Бөлісу:
Юлия Путинцева Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабатта өтіп жатқан WTA-250 турнирінің екінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Юлия Путинцева француз теннисшісі, әлемнің 129-ракеткасы Леоли Жанжанды кездесіп, оны екі сетте жеңді.

Матч 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Реклама

Путинцева алты брейк-пойнттың бесеуін пайдаланып, бір қос қате жасады.

Енді Юлия Путинцева турнирдің ширек финалында әлемнің 195-ракеткасы Хулия Риерамен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы