Юлия Галышева желтоқсан айының үздік спортшысы атанды

30 Желтоқсан 2019, 23:51
1704
Бөлісу:
Юлия Галышева желтоқсан айының үздік спортшысы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайтында желтоқсан айының үздік спортшысына дауыс беру аяқталды. Нәтижесінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Юлия Галышева желтоқсан айының үздік спортшысы атағына ие болды.

Әдеттегідей үздік атануға 5 спортшы үміткер болды. Олар: Юлия Галышева (фристайл-могул), Дмитрий Баландин (жүзу), Ермек Айназаров (каратэ), Дархан Асадилов (каратэ), Артем Захаров (тректегі велоспорт).

Дауыс беру 30 желтоқсан күні сағат 10:00-де тоқтатылды. Дауыс беру нәтижесінде Юлия Галышева жеңіске жетті. Ол 58,40 пайыз дауыспен бірінші орынға шықса, Ермек Айназаров 34,04 пайызбен екінші орынға тұрақтады. Ал 2,47 пайыз дауыс жинаған Артем Захаров үздік үштікті қорытындылады.

Жанкүйерлер дауысынан бөлек, Olympic.kz Юлия Галышева мен барша спортшыны жоғары көрсеткіштерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жеңіс тіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы