Қытайда қонақ үй құлап, 20 адам қаза тапты

10 Наурыз 2020, 15:30
1718
Бөлісу:
Қытайда қонақ үй құлап, 20 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Үйінділер астанды әлі де болса 10 адам болуы мүмкін. Цюаньчжоу қаласындағы Синьцзя қонақүйі құлап, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, құтқарушылар үйінділер астынан таңғы сағат 9:00 шамасында 61 адамды алып шыққан. Оның ішінде 20 адам қаза тапқан, 41 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Сондай-ақ жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Үйінділер астында тағы 10 шақты адам болуы мүмкін екендігі айтылуда.

Күні кеше үйінділер астынан баласы мен әйел адам құтқарылған еді. Олар үйінді астында 52 сағат жатқан.

Қонақ үйдің құлауының бірден бір себебі ретінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы мен немқұрайлық деп отыр. Қайғылы оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Алдын ала хабарланғандай, 7 наурызда құлаған қонақ үй коронавирус дертіне шалдыққан адамдармен араласқан адамдарды карантинге жабатын орын болған екен.



Өзгелердің жаңалығы