Ыстанбұлда жарылыс жасады деген күдікті ұсталды

14 Қараша 2022, 10:19
863
Бөлісу:
Ыстанбұлда жарылыс жасады деген күдікті ұсталды

Кеше Ыстанбұл көшесінде жарылыс жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сулейман Сойлу күдіктіні қаланың Полиция басқармасының қызметкерлері ұсталғанын мәлім етті.

Сондай-ақ Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Жарылыстан 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғаны алдын ала хабарланды.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы