Ыстанбұлда Абай Құнанбайұлын еске алды

7 Ақпан 2024, 23:11
393
Бөлісу:
Ыстанбұлда Абай Құнанбайұлын еске алды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Сұлтанбейлі ауданында орналасқан Ақын Абай Құнанбайұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебімен жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

1995 жылы ашылған мектепке 1996 жылы Ақын Абай Құнанбайұлы есімі беріліп, күнімізде білім ордасында 1753 оқушы білім алуда.

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркияда өскелең ұрпақпен Ұлы Абай ілімдерін, қазақ мәдениеті мен тілін танымалдандыру бағытталған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасы өкілдері мектепте қазақ тілі мен тарихын оқыту, оқушыларға арналған мәдени шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Бас консулдықтық Ақын Абайдың түрік тіліне аударылған кітаптарын сыйға тартып, жақын болашақта жан-жақты бірқатар бірлескен іс-шара өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы