Ыстамбұлда «Жаңа Қазақстан» тақырыбында жиын өтті

24 Ақпан 2022, 07:39
1232
Бөлісу:
Ыстамбұлда «Жаңа Қазақстан» тақырыбында жиын өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстамбұлда Жаңа Қазақстанға арналған жиын өтті. Оған ғалымдар мен зерттеушілер, үкіметтік емес ұйымдар, сараптамалық орталықтар, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады 24.kz.

Сұрақ-жауап форматында өткен басқосуда Қазақстандағы қазіргі ахуал, саяси және экономикалық мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар біздің елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың түбі бір түркі халқы үшін маңызды екенін атап өтті. 

ASAM – Түркияның алғашқы және ең іргелі сараптама орталықтарының бірі. Әсіресе, түркі дүниесімен мәдени байланыстар нығайту бойынша маңызды мекеме. Осы орайда Қазақстан біздің ең қатты көңіл бөлетін еліміз. Бүгінгі жиында айтылғандар, әсіресе, біз үшін маңызды. Себебі көкейімізде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап таптық, – деді «Еуразия бір» қорының президенті Шабан Гүлбахар.

Біздің Қазақстан туралы әлеуметтік желіден алған ақпараттарымыз шындыққа жанаспауы мүмкін. Сондықтан бүгінгі жиын өте пайдалы болды. Түрлі саланың өкілдері Қазақстанның Бас консулынан бірталай мазмұнды ақпарат алдық. Көкейде жүрген кейбір күмәнді ойларды сейілттік. Ата-бабаларымыз туған өлкеде енді мұндай дүрбелең болмайтынына сенімдіміз, – деді Еуразия стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Мұса Сердар Челеби.

Өзгелердің жаңалығы