Ұшақ апаты: Қырғызстан президенті қазақ халқына көңіл айтты

28 Желтоқсан 2019, 02:25
3882
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Қырғызстан президенті қазақ халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайты.

Алматы-Нұр-Сұлтан авиарейсі кезінде апат салдарынан қаза болған адамдар туралы жаңалықты естігенде қатты қайғырдым. Қырғыз Республикасының атынан және жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамын, бұл орны толмас қаза. Барлық зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектеспін, - делінген жеделхатта.
Айта кетсек, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Апат салдарынан 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керектігі айтылды. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы