Әйгілі "Аллажар" фильмін түсірген Әбенов өмірден өтті

10 Шілде 2020, 07:35
2352
Бөлісу:
Әйгілі "Аллажар" фильмін түсірген Әбенов өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Аллажар" фильмінің  режиссері Қалдыбай Әбенов қайтыс болды.

Қалдыбай Әбенов 1951 жылы дүниеге келген. 1986 жылы ВГИК-ті бітірген. 1993 жылы атақты "Аллажар" фильмін түсірген.

Фильм арқылы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын ашып көрсетеді.

Келер ұрпаққа қыршын кеткен ерлердің ерліктерін үлгі ретінде көрсету, қазақтың мүддесі үшін, қазақ жастарының қандай ерлікке барғандарын дәріптеу мақсатымен түсірілген фильм ғой. "Аллажар" деген атауының өзі ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан жалбарыну ғой, біздің бабаларымыз қиналған сәтте Жаратушыға сиынатын. Желтоқсанға қатысқан жастар да "Я, Аллам, өзің жар бола гөр!" деп шейіт боп жатты. Мұның атауының өзіне алғашқы күннен бастап тиіскен еді, ол кез шындықты айту қиын, Колбиннің тақта отырған кезі еді ғой, осындай уақытта фильмді бастау да оңай болған жоқ, – деген екен режиссер бір сұхбатында.

Екі жыл бұрын Қалдыбай Әбеновтің жағдайы нашарлап, елден көмек сұраған болатын. 2013 жылы инфаркт пен инсультті қатар алып, жүріп-тұруы қиындаған еді.



Өзгелердің жаңалығы