Йемендік инженер жылдар бойы жерге қонбай ұшатын қонақ үй ұшағын ұсынды

2 Қазан 2022, 10:59
1495
Бөлісу:
Йемендік инженер жылдар бойы жерге қонбай ұшатын қонақ үй ұшағын  ұсынды
VIDEO
Фото: islam.kz

Хашим әл-Ғайли есімді йемендік инженер болашақ ұшақ туралы өз аспектісін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ  islam.kz порталына сілтеме жасап.

Алғашқы жоба авиация саласын толығымен өзгертуге тиіс Sky Cruise ұшақ қонақ үйі болды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sky Cruise - бұл атом энергиясымен ұшатын қонақ үй. Бұл ұшақ 5000 адамға дейін көтере алады. Sky Cruise ядролық синтез негізіндегі 20 ядролық қозғалтқышпен жабдықталады. Осылайша атмосфераға көміртегін бөлу арқылы қоршаған ортаны ластаудан ада ұшақ құрастырылады. Ұшақ ұшқыштарсыз ұшады, жасанды зердемен басқарылады, десе де адам кез келген уақытта басқаруды өз қолына ала алады.

Осынау ерекше круиз қандай сервистерді қамтиды:

-       360 градус аспан көрінісі бар панорамалық бөлме;

-        Жеделсаты;

-        Сауда орталығы;

-        Сауық-сайран кешені;

-        Спортзал;

-        Хауыз;

-        Мейрамхана, бар, кафе;

-        Балалар ойын алаңы;

-        Тетар мен кинотеатр;

-        Үйлену тойына арналған банкет залы.

Sky Cruise меймандары турбуленттілікке ұшырамайды. Ұшақ селкілдей бастаған бетте  AI (жасанды зерде) жүйесі сілкіністің орнын толтыратын, яғни, білдіртпейтін кері дірілді автоматты түрде іске қосады. Бір ғана мәселе бар: бұл алыпты ауаға қалай көтеру керек? Sky Cruise концепциясы Титаникті бірыңғайда еске түсіреді. Ол да кезінде ең үлкен кеме болатын. Sky Cruise әлемге әйгілі Титаниктің тағдырын қайталамауы үшін барлық қауіп-қатер ескеріле отырып құрастырылады. Қонақ үй-ұшағы жерге қонбайды. Тұрақты ұшақтар жанармай, жолаушылар мен жүктерді жеткізеді.

Қонақ үйдің жұмысы туралы толық ақпарат төмендегі бейнеде көрсетілді:

Әлемдегі алғашқы сумен қатынайтын қанатты көлік сынақтақ өтті 

Бұл ерекше көлікті такси ретінде пайдалану жоспарлануда. Алғашқы сатып алушылар бұл «теңіз құсымен» 2025 жылдан бастап ұша алады. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Regent компаниясы, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, суда тоқтауға болатын қанаттары бар әлемдегі алғашқы жолаушылар көлігі Seaglider-ді құрастырып келеді. 

Seaglider-дің қабілеті қандай:

-        Суда жүзе алады;

-        Бір мезгілде 12 адамға дейін алып жүре алады, яғни, тасымалдайды;

-        Тоқтаусыз 300 шақырымға дейін ұша алады;

-        Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғала алады.

Жұмысқа электр қозғалтқыштары жауап береді (қуаты белгісіз). Бұл Seagliderді экологиялық таза көлікке айналдырады. Қанаттарының ұзындығы - 5,5 метр. Өндіруші осы «ұшатын теңіз құсын» сатып алуға алдын ала тапсырыстарды ашты. Бір жылдың ішінде алдын ала тапсырыстардың жалпы саны 7 миллиард долларды құрады. Оның 18 миллион доллары Seaglider-тің екінші буынын әзірлеуге жұмсалады. Алғашқы сатып алушылар көліктерін 2025 жылдың басында алады. Болашақ қанатты көліктерге 50 адамға дейін сыятын болады. Қанатының ұзындығы 19,8 метрге жетпек, ал құрылғы екі есе ұзақ ұшуға қабілетті болады.

Өзгелердің жаңалығы