X,А және Z ұрпақтары. Психолог баласымен түсінісе алмай жүрген ата-аналарға кеңес берді

16 Қаңтар 2024, 18:46
1000
Бөлісу:
X,А және Z ұрпақтары. Психолог баласымен түсінісе алмай жүрген ата-аналарға кеңес берді
Фото: BAQ.KZ

Z - ұрпақ - олар кімдер және бұл әлемді қалай қабылдайды? Әлеуметтік ғылымдар магистрі, психолог Гүлнұр Сапарова Z ұрпақты тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Қазіргі таңда ұрпақтар арасындағы қақтығыс бары анық. Ата-ана "үйде баламды мүлдем түсінбеймін" немесе "күнде айқай" деп мамандарға шағымын айтып жатады. Бұл осы ұрпақтар арасындағы алшақтықтың әсері ме?

- Еліміздегі ұрпақтар қақтығысын, Z ұрпағының түрлі баскөтерулерінен, консерватизмге қарсы тұрып, толеранттылықты насихаттап жатқанын көреміз. Олар өздерін еркін көрсетеді. Мен Миллениум және Х ұрпақтарының оған қарсы сыни пікір айтанын жиі байқаймыз, әсіресе әлеуметтік желілерде осы көріністер айқын көрінеді. Сонымен қатар дәл осы ұрпақтар қақтығысы отбасында да орын алып жатыр. Ата-ана мен бала қарым-қатынасы мен өзара түсіністігіндегі түрлі қиындықтар болады.

Ең бірінші 1995-2012 жылғылар кіретін зумерлер ұрпағы (центениалдар, хоумлендерлер) немесе Z ұрпағының ерекшеліктеріне тоқталсам:

- цифровизациялық (онлайн әлемге басымен кірген, шынайы жүздесуге қарағанда интернет желісінде қарым-қатынас жасауды жөн көру)
- ⁠Ашықтық пен толеранттылық;(жаңа дүниелерді тез қабылдап, өзгерістерге оңай бейімделу)
- ⁠Гедонизм (өмірден ләззат алуға ұмтылу, конструктивті жолмен: саяхат, мол табыс табу, жаңа дүниелер көру) 
- ⁠Нәтижеге бағыт алу мен өзін қорғау; 
- Олар нарциссизммен ерекшеленеді және өзіне назар аудартқанды ұнатады (өзінің ерекше екеніне сену, өзгелерден артықпын деп ойлау)
- ⁠Z ұрпағы өз әрекеттері мен шешімдерінің салдарын әрдайым біле бермейді.
- ⁠Ауыр жұмыстардан қашып, еркін қызметті, тәуелсіз фрилансты көп таңдайды;
- ⁠Z ұрпағы көбіне инфантилді (яғни кеш кемелдену, жауапкершіліктен қашу)
- ⁠Материялдық құндылықтар жоғары бағаланады, оның ішінде отбасы құндылық төмендеген 
- ⁠Коллективизм төмен, индивидуализм жоғарылаған;
- ⁠Бойларында ұлтжандылық төмен және мультимәдениеттілік, өзге мәдениетке тез сіңіп, аккультурация оңай жүреді.

X,А және Z ұрпақтары. Психолог баласымен түсінісе алмай жүрген ата-аналарға кеңес берді
Фото: Кейіркердің жеке мұрағатынан

- Ата-аналарға қандай кеңес бересіз?

Жалпы ұрпақтар арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар мен қақтығыстар факторы ретінде жалпы тарихи жағдайлар, өркениеттегі өзгерістер мен ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық дамуды айта аламыз. Осы орайда отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілікке келетін болсақ, бұл жерде ата-ана қазіргі қоғам өзгерістеріне лоялды, ашық болу керек. Өйткені осы кезеңде дүниеге келіп, қалыптасқан тұлға өткенге бет бұра алмасы анық. Ата-ана Z ұрпаққа өз өткені мен жетістіктерін әсірелемей, олардың қазіргі жағдайы мен күйін құнсыздандырмай, "сенің қолыңнан келеді, қателесу - шыға алмайтын тығырық емес, сенің де ойың орынды" деп қабылдай отырып, ұлттық құндылықты бейімдеп жеткізу, байыппен жеткізу, консервативтілікті босаңсыту және жаңаға бейімделу қажет деп ойлаймын.

- "Z ұрпаққа жер, тіл және идеология секілді дүниелер маңызды емес" деген пікір бар? Солай ма?

Ал Z ұрпағы үшін идеология, жер тұтастығы, тіл мәселесі маңызды емес деп кесе айту дұрыс емес деп ойлаймын. Тек заманның баяғыдай емесін ескеруіміз керек! Бұрынғы ұрпақ үшін аталған дүниелердің маңызды, өзекті болуының себебі - сол құндылықты жоғалтып алу қауіпінің болуы, ашық қатерге байланысты. Бұрын, бірігудің, қорғанудың, ортақ құндылықтардың кезеңі болса, қазір жеке дамудың, ізденудің, өзін жүзеге асырудың, бәсекелестіктің және ашықтықтың кезеңі.  Ал осындай кезеңде ұрпақтар сабақтастығын орнатудың бірден бір көзі - үлкен ұрпақтың шыдамдылығы, ізденуі, түсініп, өз идеологиясын агрессиясыз, қорқытпай, олардың ерекшелігін, таңдауын, болмысын құнсыздандырмай, қызықтырып жеткізу деп ойлаймын.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы