WhatsApp-тың топтық чаттарында жаңа қызмет пайда болды

28 Желтоқсан 2019, 10:48
2799
Бөлісу:
WhatsApp-тың топтық чаттарында жаңа қызмет пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінің iOS және Android жүйелерінің соңғы бета-нұсқасында келген хабарламаларды автоматты түрде өшіруге арналған қызмет пайда болды, деп хабарлайды WABetaInfo.

Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған. Ол арқылы хабарламаларға таймер қоюға болады. Яғни сізге қажет емес "смс"-терді белгілі бір уақыттан кейін (бір сағат, күн, апта, ай немесе жыл) өшіріп тастауға болады. Осылайша телефон жады керек емес, ескі хабарламалардан автоматты түрде тазарып тұрады. 

Автоматты тазартуды топтың параметрлері арқылы қосып қоюға болады. Алайда бұл қызметті тек топтың әкімшілер ғана пайдалана алады, топтың басқа мүшелері үшін ол қолжетімсіз.

Өзгелердің жаңалығы