What is Kazakhstan? Желіде ерекше флешмоб өтіп жатыр

16 Наурыз 2021, 11:28
1804
Бөлісу:
What is Kazakhstan? Желіде ерекше флешмоб өтіп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде ерекше флешмоб өтіп жатыр. Қазақстандық видеографтар еліміздің әдемі кадрларын жинап, Facebook, Instagram желілерінде ролик жариялауда.

Бұл флешмобқа жерлестеріміз «What is Kazakhstan?» атауымен қатысып, отанымыздың қандай екенін әлемге көрсетуде.

Ерекше флешмоб осыдан шамамен бір апта бұрын украиндық Назар Дороштың Instagram-дағы @dorosh.raw парақшасында бастау алды.

Ол өзінің аккаунтында «Әлемге Украинаның қандай екенін көрсетейік» деп, #what_is_ukraine хэштегімен видеосын жариялаған. 


Видеодан Украинаның ең әдемі жерлерін тамашалауға болады. Бүгінгі күні роликті 3,5 млн-ға жуық адам қараған.

Осындай видеолардың сериясын жерлестеріміз де жариялады. Солардың бірі елордалық @talashin.

Ол бір күн бұрын жұмысын әлеуметтік желісіне жариялады. Бүгінгі күні Талғаттың жасаған ролигі түрлі пабликтерге таралып, халықтың ыстық ықыласына ие болып жатыр.

Видеоны бөлісіп жатқандардың әрқайсысына рахметімді айтамын. Қазақстанымды мақтан тұтамын. Сіздердің көңілдеріңізден шыққанына қуаныштымын. Барлығымыз бірге отанымызды әлемге көрсетіп жатырмыз. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жерлестеріміз, тіпті шетелден, Бразилия, Индонезиядан да жазып жатқандар бар. Видео барлық жерге тарады. Көңіл-күйім айналада болып жатқан келеңсіз жайттарға қарамастан, өте көтеріңкі. Қазақстанда туғаныма, осындай видеоларды түсіріп, ұсына алатыныма өте ризамын, - деп айтты автор.
Автор роликтің қаралымын шамаман 1 млн-ға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Талғат Бекмағамбетов роликті тек өзі түсірген жұмыстармен өңдеп, шығарған. 

Оқырмандар Батыс өңірінің видеода жоқ екенін жазып жатыр. Оның басты себебі - мен ол жақта болмадым. Өзге адамдар түсірген видеоны көшіргенді құп көрмеймін. Сондықтан болашақта Батыс өңіріне барып, ол жақтың әдемі жерлерін түсіріп, осындай ролик жасаймын, - деді ол.



Роликтен Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Бурабай, Шығыс Қазақстанның және басқа да аймақтардың әдемі жерлерін тамашалауға болады.

Талғатпен қоса, басқа отандастарымыз да бұл флешмобқа атсалып жатыр. 

Фотограф Әділет Рахметолла кеше оқырманы өңдеген роликті жариялады.


Сонымен қатар спортшы, саяхатшы Сәкен Қағаров та бұл акцияға қосылды.

«Қазақстан менің көзіммен» жазбасымен экстремалды ролигін жариялады.


Маңғыстаулық Азамат Сәрсенбаев «Маңғыстау менің көзіммен» жазбасымен жұмысын жариялап үлгерді.
Бұл видеолар түрлі пабликтерге таралып, елдің көңілінен шығып жатыр. Отандастарымызды мақтаныш сезімі кернеп, Қазақстанда туғандары үшін мақтанышпен жазып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы