WBO Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

24 Наурыз 2022, 07:15
1465
Бөлісу:
WBO Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс ұйымы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) орта салмақта уақытша «чемпион» атағы үшін WBO Europe титулына ие британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

WBO мәліметінше, боксшылардың командалары он күн ішінде келісімге келе алмаған. Енді бұл айқасты өткізу құқы үшін промоутерлік сауда белгіленеді. Оның өту уақыты 28 наурыз, сағат 10:00. Ұсынылатын ең кем баға 200 мың АҚШ доллары.

Сонымен қоса, Әлімханұлы мен Догнум арасындағы айқас промоутерлік сауда өткен сәттен 45 күннен кейін және үш айдан кеш емес уақытқа жоспарлану міндет.

Өзгелердің жаңалығы