Waste to energy: 6 қалада қоқыс жағатын зауыттар салынады

12 Ақпан 2021, 16:02
2945
Бөлісу:
Waste to energy: 6 қалада қоқыс жағатын зауыттар салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында тұрмыстық қалдықтар бойынша негізгі мәселеге тоқталды.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің санын қысқарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

2020 жылғы 20 шілдеде рұқсат етілмеген үйінділер анықталған жағдайда жедел әрекет ету үшін жедел желі іске қосылды. Аталған желіге мыңнан астам өтініш түсті. Қалдықтарды орналастыру орындарына ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 7 147 қоқыс үйіндісі жойылды. Бұл 80 пайызды құрайды, - деп атап өтті вице-министр.

Экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін полигондардың жағдайы - маңызды мәселелердің бірі.

Министрлік республика бойынша аудандық және облыстық орталықтар үшін қажетті полигондардың санына талдау жүргізді. Есеп бойынша орталықтарда 110 полигон жұмыс істейді. Бірінші кезеңде қалалар мен ірі аудандарда 3 жылда кемінде 84 полигон салу қажет, - дейді Пірімқұлов.

Сондай-ақ «Waste to energy қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізу туралы» заң қабылданды. 6 қалада қоқыс жағатын зауыттар салу жоспарлануда. Басқа қалалардың да қызығушылығы бар.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында аукцион өткізу және энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ екінші жартыжылдықта қорытынды шығару жоспарланып отыр, - деп айтты вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сырдария, Егінсуда су сапасының нашарлауы байқалады.
Өзгелердің жаңалығы