Вице-министр елді толғандыратын мәселені атады

12 Ақпан 2021, 15:50
2096
Бөлісу:
Вице-министр елді толғандыратын мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылы атқарған жұмыстары мен 2021 жылғы жоспарларын баяндап берді. Сондай-ақ экологиялық мәселелерге тоқталды.

Елбасы мен Мемлекет басшысы бірегей табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қорғауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударады.

Экологиялық проблемаларды жүйелі шешу үшін жыл басында Президент «Жаңа редакциядағы» экологиялық кодекске қол қойды. Бұл министрліктің соңғы екі жылда атқарған жұмыстарының нәтижесі, - деді ол.

Оның сөзінше, елді толғандыратын негізгі мәселелердің бірі – атмосфералық ауаның сапасы.

Атмосфералық ауаны талдау 2020 жылы 45 елді мекенде 140 бақылау бекетінде жүргізілді. Осы жылы атмосфералық ауа сапасын бақылау үшін 30 ықшам автоматты стансаларын алу жоспарланып отыр. Бұл республика аумағын 100 пайыз қамтуға және халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жер үсті суларының жай-күйіне мониторинг 140 су объектісіне, оның ішінде 93 өзенде, 31 көлде, 15 су қоймасы, 3 арна және бір теңізде жүргізілді, - деп атап өтті вице-министр.

Пірімқұлов атағандай, Сырдария, Егінсуда су сапасының нашарлауы байқалады. 

Республика бойынша 2019 жылмен салыстырғанда ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің лимиттері 20 мың тоннаға және 14 тоннаға төмендеген. Министрліктің 2020 жылға арналған стратегиялық көрсеткіштері орындалды. Нақты шығарындылар 2,5 млн тоннаны, төгінділер 1,1 млн тоннаны құрады, - деп түсіндірді Экология вице-министрі.

Сонымен қатар Қостанай, СҚО, Ақмола және Қызылорда облыстарында шығарындылардың нақты өсімі байқалады.

2020 жылы республика бойынша 1 022 экологиялық тексеру жүргізілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Тексерістер санының азаюы елдегі карантиндік шараларға байланысты. Бұл ретте тексерулердің сапасы жақсарды. Тексеру нәтижелері бойынша 2 875 бұзушылық анықталды, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы