Волейболдан Қазақстан чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

22 Қазан 2020, 07:15
2013
Бөлісу:
Волейболдан Қазақстан чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан волейбол федерациясы волейболдан Қазақстан чемпионатының өтетін мерзімі мен мекенін белгіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер мен әйелдер командалары арасындағы бәсеке 6-29 қараша күндері үш қалада өтеді.

Талдықорғанда әйелдер ұлттық лигасы, Оралда әйелдер жоғарғы лигасы мен ерлер жоғарғы лигасы өтсе, Таразда ерлер ұлттық лигасы қтеді деп жоспарланған. 

Ел біріншілігі медициналық талаптарға сәйкес барлық сақтық шарасын сақтаумен өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы