Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Қытайдан жеңіліп қалды

22 Тамыз 2019, 14:20
1211
Бөлісу:
Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Қытайдан жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волейболдан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан Қытайдан ұтылды, деп жазады Olympic.kz. 

Іріктеу айналымында екінші орын алған қазақстандықтар Жапония, Қытай және Индонезия командаларымн бірге F тобына түскен болатын.  Өкінішке қарай, Қытай командасынан біздің құрама 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Қытайлықтар үш партияда 25:23, 25:12, 25:15 есебімен басым түскен. 

Қазақстандықтар 23 тамыз күні Индонезияға қарсы ойнайды. 



Өзгелердің жаңалығы